«Жігерлі Жандар» пара марафоны

2023 жылы 26 қыркүйекте республика күніне орай ерекше физикалық қажеттіліктері бар адамдарға арналған пара марафон өтті. Іс — шараны ұйымдастырушылар-Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Каспий» спортты дамыту қоры».

Марафон қатысушыларына Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, сондай-ақ қоғам қайраткері, Гиннестің рекордтар кітабының әлемдік рекордшысы Сергей Цырульников қолдау көрсетіп, сәттілік тіледі.

«Жігерлі Жандар» — бұл рухы мықты адамдарға арналған пара марафон. Бұл іс-шараға 80 астам адам қатысты. Мұндай іс-шараларды өткізу өте маңызды, өйткені олар қатысушыларға сергектік береді және өмірге оң көзқарас қалыптастырады.

Осы іс-шараның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен медальдар табыс етілді.

🏡 «Каспий» спортты дамыту қоры