Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай спорттық-ойын мерекесі өттi

Мереке біздің 40-қа жуық жас келушілерді жинады, олар өте көңілді және белсенді уақыт өткізді. Балалар командаларға бөлісіп спорттық эстафетаға қатысты, сонымен қатар би биледі және аниматорлармен ойнады.

Ойын қорытындысы бойынша барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды .

Іс-шараның демеушілеріне Qadam Special School қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз!

Барлық балаларды мерекемен құттықтаймыз!

«Каспий»спортты дамыту қоры