Рамазан айы құтты болсын!

Ассалаумағалейкум, Құрметті спорт сүйер қауым!

Сіздерді исі мұсылманның ұлық айы – Рамазанның келуімен, шын жүректен құттықтаймыз! Әр отбасыға бақыт пен береке, бірлік пен татулық тілейміз!

Алла Тағала ұстаған оразамызды, жасаған дұғамызды, орынды себептермен ауыз бекіте алмай қалған жандардың қайырлы амалдарын қабыл еткей! Әмин!

Рамазан – жақсылықта жарысатын ай. Алла Тағала қасиетті Құранда «Бақара» сүресінің 148-аятында: «…Жақсылықта жарысыңдар», – деп әмір еткен.

Карантин кезінде ауыз бекіткен жандарға азық-түлік жеткізіп беруді ұйымдастырсаңыз, тіпті көмекке мұқтаж отбасыларға ауызашарға кететін шығынды ұсынып, оларға қаржылай қолдау көрсетсеңіз, Алланың қалауымен ауызашар бергеннің сауабын аласыз. Жоғарыда айтқанымыздай, мұсылманның ниеті – амалынан қайырлы.

#paralympictrainingcenter
#РАМАЗАН2021