Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу
Бүгін Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында Қордың спорт нысандарына келушілерге арналған зияткерлік ойын-викторина өтті.
Барлық қатысушылар елдер бойынша командаларға бөлініп, әдемі ұлттық киім киіп, дәстүрлі тағамдар дайындады.
Бұл үдерісте келушілер «қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы», «елдердің тулары», «әлем халықтарының тағамдары», «әлем халықтарының киімдері» білімдерімен өзара сайысып, ұлттық әндер мен билерді орындады.⠀
Зияткерлік викторина қорытындысы бойынша барлық қатысушылар естелік грамоталармен және шағын дәмді сыйлықтармен марапатталды.
⠀
«Каспий» спортты дамыту қоры