14.12.22 ж. Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған жыл сайынғы инклюзивті спартакиада өтті

Бүгін Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында 3 паралимпиадалық спорт түрі бойынша (бочча, отырып ойнау волейбол және үстел теннисі) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған жыл сайынғы инклюзивті спартакиада өтті.💪🏼👏🏻

Спартакиадаға мүмкіндігі шектеулі спортшылармен бірлесіп 10 ұйым қатысты. Ойындар жігерлі, қызықты және жанды өтті🔥
 
СПАРТАКИАДА НӘТИЖЕЛЕРІ:
🔹Отырып ойнау волейбол:
1 орын -Паралимпиадалық жаттықтыру орталығы;
2 орын — 80 мектеп-гимназия;
3 орын — ҚР Әділет министрлігі.
🔹Үстел теннисі:
1 орын — «Қазаэронавигация» РМК;
2 орын — ҚР Әділет министрлігі;
3 орын — 80 мектеп-гимназия. 
🔹Бочча:
1 орын — Паралимпиадалық жаттықтыру орталығы;
2 орын – «AMANAT» партиясының елордалық филиалы;
3 орын — ҚР Әділет министрлігі.
 
Іс-шараның ұйымдастырушылары мен демеушілері: Астана қ. «AMANAT» партиясының «Бірлік» филиалы, «Каспий «спортты дамыту қоры» ҚҚ, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ, «Қазаэронавигация» РМК, «NAK» құрылыс компаниясы.

🏡 «Каспий» спортты дамыту қоры