5 желтоқсанда 2022 ж. Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында «бочча» секциясы бойынша Чемпионат қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті
2022 жылғы 14 қазаннан 5 желтоқсанға дейін Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында «бочча» секциясы бойынша жыл сайынғы ПЖО Чемпионаты өтті🏆
Чемпионат екі айдың аралығында өтті, оның барысында 16 спортшы 120-ға жуық ойынға қатысты. Әр жеңіс үшін ойыншыға 3 ұпай, жеңіліс үшін — 0 ұпай берілді.
Барлық ойындардың қорытындысы бойынша жүлдегерлер атанды🥇:
1 орын — Аслан Төлебаев
2 орын — Мейіржан Кәрімхан
3 орын — Нұрбахыт Нұрлыбаева
Қорытындысы бойынша барлық қатысушылар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды, ал жүлдегерлер Қордан медальдар мен брендтік сыйлықтар алды.🎁🥇👏🏻
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ👏🏻
🏡 «Каспий» спортты дамыту қоры